• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Наурыз, 2011

Демократтар үйіндегі кездесу

412 рет
көрсетілді

Кеше Алматыдағы Демократтар үйінде Қазақстан президенттігінен үміткер Ғани Қасымов «Поколение» республика зейнеткерлерін әлеуметтік және құқықтық қорғау қозғалысы ассоциациясы өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында аға ұрпақ­тың, балалық шағы соғыспен тұс­па-тұс келген ардагерлердің, жалпы зейнеткер қауымның қа­зір­гі әлеуметтік хал-жайына назар аударылды. Аталмыш ассоциация президенті Ирина Савостина азық-түлік бағаларының, әсіресе, соң­ғы уа­қытта тым қымбаттап бара жат­қа­нын, ең төменгі деңгейдегі және қа­лыпты зейнетақы арасын­дағы ал­шақтық өте үлкен екенін тіл­ге тиек етті. Зейнетақы рефор­ма­лан­ған кезде көп жағдай ескерілмеген, зейнетақы заңнамалары жақ­сар­тып жетілдіруді тілейді. Өз кезегінде Ғани Есенгел­ді­ұлы көтерілген мәселелердің кө­кейке­с­тілігі мен дұрыстығын, көп жылдан бері Ирина Алексеевна басқарып келе жатқан «Поколение» ассоциа­циясы зейнеткер­лердің, жалпы ардагер қауымның әлеуметтік құқық­тарын қорғауда айтарлықтай игі істер тындырып отырғандығын атап көрсетті. Осы арада маған қойыл­ған көптеген сұрақтарды мен елі­міз­дің Премьер-Министріне жол­дай­мын. Се­­б­ебі, мен президенттікке канди­дат­пын. Сол үшін өзімнің үгіт науқанымды жүргізудемін. Демек, бүгінгі проблемалар үшін менен гөрі Үкіметтің, тиісті ми­нистр­лік­тердің халық алдында ашық та бүкпесіз жауап бергені әділет­ті­рек болар еді, деді Ғ.Қасымов. Одан әрі президенттіктен үміт­кер зейнеткерлердің қалың тобы ешқандай жеңілдіктерге ілікпей қалғандығына қынжылыс білдірді. Сондықтан да зейнетақыны қайта есептеу, арқаулық зейнетақыны кө­теру бүгін таңдағы ең өзекті мә­се­лелердің бірі деп есептейтінін айт­ты. Сонымен бірге, Ұлттық қо­ры­­мыздың қуаты азаматтары­мыз­дың әлеуметтік жағдайын, қоғам­ның әлеуетін жақсартуға қызмет етпесе, онда үмітті ақтамағаны дей келе, Ғ.Қасымов өз бағдар­ла­ма­сында Ұлттық қордың белгілі бір бөлігі зейнеткерлердің, арда­гер­лердің, ана мен баланың мұқ­таждарына, білім беруге жұм­салуы тиіс деп көрсетілгенін алға тартты. Сөйтіп, ол өз бағдарла­ма­сы­ның әлеуметтік тұрғыдан ба­сым­дығына көпшілік назарын аударды. Ғ.Қасымов төменгі зейнетақы­ның 13-14 мың теңге ғана екендігімен, күн сайын таңғы сағат 8-ден кешкі 8-ге дейін сүркілдеп жұмыс істейтін орта буын медицина қызметкерінің 23 мың теңге ғана, ал жоғары білікті дәрігердің шамамен 40 мың теңге алатын­дығымен келісе алмайды. Бұлар – әлеуметтік қана емес, өте маңыз­ды мемлекеттік мәселелер. Сон­дық­тан, мен президенттіктен үміт­кер ретінде осы сұрақтарға Премьер-Министрдің жауап беруін талап етемін, деді ол. Бұдан әрі Ғани Есенгелдіұлы біздің қоғамдағы әйел мәселесі туралы ойларына өріс берді. Ер азаматтардан гөрі әйелдерде жақ­сы қасиеттер көбірек. Олар сер­гек, аяғыш, әр нәрсеге жанашыр, кемшілікті көргіш. Сондықтан, би­лікте, мемлекеттік қызметте, Пар­ламентте, министрлердің арасын­да әйелдер қазіргіден әлдеқайда кө­бірек болуы тиіс. Осылай дей келе, өзі президент бола қалса, биліктің барша тармақтарындағы әйелдер үлесін 30 пайызға жеткізетіндігін мәлімдеді. Сондай-ақ Ғани Қасымов оп­позициялық басылымдардан өзі­нің саяси тұғырнамасын жария­лау­ды талап етті. Мұның өзі бар­лық саяси партиялардың қарап­айым мүше­лері менің тұғыр­на­мам­ды оқып, әділ бағасын беруі үшін, кімнің кім екенін білуі үшін қажет, деді ол. Қорғанбек АМАНЖОЛ. Суретті түсірген Берсінбек СӘРСЕНОВ.