• RUB:
    5.61
  • USD:
    479.4
  • EUR:
    522.93
Басты сайтқа өту
12 Наурыз, 2011

Байқаушылар өкілімен кездесті

318 рет
көрсетілді

Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов ТМД Парламентаралық Ассамблеясы байқаушылар миссиясының үйлестірушісі – ТМД ПАА-ның Бас хатшысы Михаил Кротовпен кездесті. Бұл басқосуда Қазақстан Республикасының кезектен тыс президенттік сайлауына дайындық жұмыстары сөз болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Мейман Қазақстанның демокра­тия­лық тәжірибесі туралы сөз қоз­ғап, канди­даттардың ұсынылуы мен тір­келуіне назар аударғанын айта келіп, басталған сайлау науқанына оң баға берді. Ол Қазақстанда сай­лау­дың ха­лық­аралық байқаушыла­ры­на жақсы көзқарас қалып­тас­қанын, Орталық сайлау комиссиясымен ын­ты­мақ­тас­тықта жұмыс жүргізіле­ті­нін мәлім етті. Михаил Кротов осы мәліметтер беделді халықаралық ұйымдарға жеткізілетінін айтты. Сайлауды байқау жұ­мыстары ба­ры­сында мейман еліміздің бірқатар өңір­лерін­де болатынынан хабардар. ТМД ПАА-ның халықара­лық бай­қау­шылар штабы Астана мен Алма­ты қала­ларында орналасады. Осы кездесуге ТМД ПАА Бас хатшысының орынбасары Халел Бәкенов қатысты.