• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Наурыз, 2011

Зілзала зардаптары аса ауыр

545 рет
көрсетілді

Жапониядағы сұрапыл зілзала барлық Тынық мұхиты аймағына зардабын тигізгетін сыңайлы. Әсіресе, «Фукусима-1» АЭС-інде болған екі жары­лыс салдарынан тарайтын радиация көршілес елдер аумағына да жайылатындығы белгілі болып отыр. Дегенмен, жапондық мамандар және басқа елдердің сарапшылары оның зардабы Чернобыль АЭС-інің жары­лысына қарағанда кем болатынын айтып, көңіл жұбатуда. Жапония үкіметі жарылыс болған АЭС аумағынан тұрғындарды жедел көшіріп жатыр. Сонымен бірге, қазір «Фукусима-2» АЭС реакторлары қызуын басу жұмыстары қызу жүргізілуде. Ал зілзаладан, ол туындатқан цунамиден көз жұмғандар саны тым көп-ақ. Нақтысы беймәлім. «БІЗ КЕТСЕК, БЕЙБІТ ӨМІР ДЕ ЖОҚ» Осыдан бір жыл бұрын АҚШ пен оның НАТО-дағы  одақтастары елдегі тыныштықты сақтау міндетін арнау­лы қызметтер мен полицияға тап­сы­ры­п, 2011 жылдан бастап Ауған­стан­нан өз әскерлерін шығаратындығы туралы мәлімдеген еді. Ал жуырда, Брюссельде болған НАТО елдері қорғаныс министрлерінің конференциясында Пентагонның қазіргі басшысы Роберт Гейтс бұл шешімнің түгін қалдырмай сынады. Бүгінгі күні Ауғанстанда 140 мыңға жуық шетелдік әскер бар екен. Р.Гейтстің айтуына қарағанда, осыншама күшті қолдану арқылы қол жеткізілген бейбіт өмір әскер шығарылатын болса бір-ақ күнде күл-талқан болмақ. Өйткені, «Талибанды» ауыздықтауға жергілікті үкіметтің шамасы келмейді. БАСТЫ МАҚСАТ – ЕУРООДАҚҚА ӨТУ Өткен аптаның соңында Еуропаға жасаған сапары шеңберінде АҚШ-тың вице-президенті Джо Байден Молдовада да болды. АҚШ-тың жоғары лауазымды шенеунігінің келуі Молдова үшін маңызды оқиғаның бірі болып отыр. Толып жатқан сайлаулар мен саяси жағдайдың жиі өзгеруі салдарынан әлі күнге өз президенттерін сайлап ала алмай отырған елге Д.Байдан қолдау көрсетіп, оның еуропалық жолмен дамуына жәрдем беретінін мәлімдеді. Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Поповтың мәлімдеуіне қарағанда, бұл сапар Молдованың көптен бергі арманы, сыртқы саясаттағы ең үлкен басымдықтарының бірі – Еуроодаққа өтуіне ықпалын тигізуге тиіс. ДЕФОЛТТАН ҚОРҚАТЫН УКРАИНА ЖОҚ Украинада тәуелсіздік алған жыл­дардан бері болған 15-ші пре­мьер-министрдің алғашқы жұмыс жылы қорытындыланды. Был­тыр­ғы 15 нау­рызда президент В.Янукович ұсын­ған Николай Азаровтың кан­ди­датурасы премьерлік таққа Рада­да­ғы 226 дауысты алып, қиналмай өткен болатын. Шетелдік кейбір сарапшылардың айтуларына қара­ған­да, қазір Украина дефолтқа ұшырайтын 18 елдің қатарына еніп отыр. Бірақ Н.Азаров ондай қатер жоқ деп санайды. Біз қазір 3 позиция бойынша жоғары көтерілдік, қаржылық жағдайымыз тұрақты. Сондықтан бізге дефолт тілеген­дердің жолы бола қоймас, дейді ол. СОҢҒЫ КОАЛИЦИЯҒА АЯҚ БАСҚАН СЕКІЛДІ Қырғызстан парламентіндегі оппозиция «Ата-Жұрт», «Республика» және Социал-демократиялық пар­тияларынан тұратын билеуші коалиция жақын күн­дерде тарайтынын айтып отыр.  Бұл коалиция­ның өзі екінші талпыныстан кейін құрылған болатын. Ал билеуші көпшілік үшінші талпыныста құрылып, ол және таратылса президент парламентті таратуға міндетті. Қазіргі ахуалға қарағанда солай болатын түрі бар. Елдің вице-премьері, «Республика» партиясының басшысы О.Бабановтың айтуына қарағанда, қазіргі «Ата Мекен» мен «Ар-Намыс» партияларынан тұратын парламенттік оппозиция мүшелері жеке мүдделерін биік қойып, билікпен конструктивті келісімге келуге құлқы болмай отырған көрінеді. АРАБ ӘЛЕМІ ТЫНШИТЫН ЕМЕС Араб елдеріндегі жағдай әзірге тұрақтанатын емес. Ливияда азамат соғысы жүріп жатса, Бахрейнде шииттер ел астанасы Манама көшелерінде әлі күнге демонстрация жасаумен жүр. Олар елдегі суниттік монархиядан өздеріне берілетін билік тармағының кеңейтілуін талап етуде. Йеменде оппозиция қатарында жүрген студенттерді қуу үшін полиция аспанға оқ атып, газ қолданған. Оның үстіне билік жағындағы жастардың қолдарына қару ұстатып, төбелес ұйымдастыруына жол беріп отыр. Мұндағы оппозицияның негізгі мақсаты – ел президенті А.А.Салехты орнынан кетіру. ҚЫСҚА ҚАЙЫРЫП АЙТҚАНДА: Аризона штатында бей-берекет атыс болып, соның сал­да­ры­нан 6 адам қаза тауып, бір Конгресс мүшесі ауыр жара­лан­ған­нан кейін президент Б.Обама елде қару-жарақ сату тәрті­бін қатаңдату қажеттігі туралы кезекті рет мәселе көтерді. Жапонияның АҚШ-тағы елшісі Ичиро Фуджисаки өздеріне алғашқы болып көмек қолын ұсынған Амарикаға алғысын айтты. Жапон аралдарына алғаш жеткендердің қатарында АҚШ-тың «Рональд Рейган» атындағы авианосеці бастаған кемелер болған еді. Кеше Брюссельде ЕО Кеңесі Ливиядағы жағдайға бай­ланысты біртекті саясат пен басымдықтар әзірлеу үшін төтенше сессияға жиналды. Кеңес бейбіт тұрғындарға қарсы әуеден шабуыл жасаудың қаншалықты қажеттілігі болғанына алаңдаушылық білдірді. Интернет материалдары негізінде әзірленді.