• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Наурыз, 2011

Сырдағы сырлы кездесу

394 рет
көрсетілді

Биыл Құмкөл мұнай кені­ші­нің ашылғанына 25 жыл толып отыр. Оған дейін ауыл шаруа­шы­лы­ғы­мен аты шыққан Сыр өңі­рінде мұ­най­дың атқылағанына да ширек ға­сыр уақыт болыпты. Та­қырға таяқ отырғызып, оны тал етіп, күрі­ші­мен әлемге аты жай­ыл­ған, түйелері маң басқан, шу­да­ларын шаң бас­қан, «балығы тай­дай тулаған, ба­қа­сы қойдай шулаған» киелі өңірдің мұнай өн­діру саласына да ерен еңбек сі­ңіріп жатқаны әмбеге аян. Тәу­ел­сіздік жылдарында Қазақ­стан­да мұнай өндіру ісі айтар­лықтай арт­қан екен. Ал мұнда қызыл­ор­да­лық мұнайшылардың үле­сі аз деп ешкім айта алмайды. Себебі, Қызылорда да соңғы кезде қара алтынның елеулі көзі болып ес­ептеледі. Бұрнағы күні «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Қайыргелді Қабылдин, бас­қарма төрағасының орынба­са­ры Болат Палымбетов, «Қаз­Мұ­най­Газ» Барлау Өндіру АҚ бас директоры Кенжебек Ибрашев Қы­зылордаға келді. Сөйтіп, қы­зыл­ордалық мұнай компания­ла­ры­мен, олардың еңбек ұжымда­ры­мен жо­лықты. Кең отырып сөй­лесті, өт­кен жылдың есебін тыңдады, бо­ла­шақ бағдарларды анықтады. Ең бас­тысы, Елбасы Нұр­сұлтан На­зар­баевтың «Бола­шақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауын талқылап, одан туындайтын тап­сыр­маларды саралап, оны жүзеге асырудың жолдарын айқындады. Жиын барысында «Петро­Қа­зақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ, «Торғай Петролеум» АҚ, «Қаз­Гер­Мұнай» біріккен кәсіпорны мұнай-газ компанияларының есебі тың­далды. Былтыр атқарылған істері сараланып, жылдың қоры­тын­дысы шығарылып, алдағы ат­қарылар істер талқыға түсті. Мә­жіліс ба­ры­сында білгеніміз мы­нау: мұнай өндіру ісі жыл сайын ілгерілеп келеді, ілеспе газбен ел­ді қамтамасыз ету жолға қой­ыл­ған, жұмыс ба­ры­сында қауіп­сіз­дік қатаң сақталады, өз маман­дарымыз болу үшін ар­найы ақша бөлініп, жастар шет елдерде білім алып жатыр, мұнай компа­ния­лары қайырымдылық ша­ра­ла­рына да тәп-тәуір сома бөліп отыр екен. Сонымен қатар, «Қаз­Гер­Мұнай» біріккен кәсіпорыны биыл Тәуелсіздіктің 20 жылды­ғы­на орай атқарылатын іс-шара­ларға қомақты қаржы жұмсай­тын­дарын жеткізді. Бұл өзі Сыр өңіріндегі айтулы компания­лар­дың бірі. Атал­мыш кәсіпорын был­тыр игілікті істері үшін Пре­зиденттің қолынан «Парыз» сый­лығын алған болатын. Мәжіліс барысында сөз алған «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма­сы­ның төрағасы Қайыргелді Қа­был­дин өз баяндамасында ұлт­тық компания тобы 2010 жылы негізгі көр­сеткіштер бойынша өндірістік жос­парды артығымен орындағанын атап айтты. Мы­са­лы, мұнай және газ конденсатын өндірудің шоғыр­ланған көлемі 2010 жылы 22 миллион тоннаны құраған. Қарапайым тілмен айт­сақ, былтыр осынша кө­лемде мұ­най өндірілген. Бұл жос­пар­дың 4 пайызға артық орын­дал­ғанын біл­діреді. Ал осы көр­сет­кішті 2009 жылмен салыстырсақ, онда біз мұнай өндірудің 17 пай­ызға арт­қанын көреміз. – 2010-2014 жылдарға арнал­ған индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағ­дар­ла­ма­ны іске асыру мақсатын­да былтыр «ҚазМұнайГаз» ком­па­ниясы Бей­неу-Бозой-Шымкент газ құбы­ры­ның құрылысын бас­та­ды. Бұл газ құбыры Қызылорда облы­сының ау­мағы арқылы өте­тіні бә­рімізге аян,– деді Қ.Қабылдин. Бейнеу-Бозой-Шымкент ма­гис­­тралды газ құбырының құрылы­сы барысында 3500-ге жуық қа­зақ­стан­дық маман жұмысқа тар­ты­латын болады. Сондай-ақ, газ құбыры іске қосылғаннан кейін 500-ге тарта жұ­мыс орны ашы­ла­ды. Бұл жұмыс­сыз­дар саны біршама азаяды деген сөз. Жергілікті елді мекендерге газ жеткізу мәселесінде де «Қаз­Мұ­найГаз» компаниясы аз еңбек сі­ңі­ріп жатқан жоқ. Мәселен, ком­пания Қызылорда қаласының әлі де газ жеткізілмеген аудан­да­рын газ­дандыру мақсатындағы жұмыс­тарын жалғастыра беретін болады. Осы жұмыстың ауқы­мын­да жалпы көлемі 13 шақы­рым болатын жо­ға­ры қысымды, ұзындығы 207 ша­қы­рымды құ­рай­тын төмен қысымды газ құ­быр­лары салынады. Олардың жал­пы газ өткізу қабілеті саға­тына 21950 текше метр болмақ. Бұдан бөлек 6 газ таратушы пункттер, 5 шкафтық пункттер салу көзделіп отыр екен. Мұның сыр­тында қа­ладағы Әл-Фараби, Саяхат, Жаңа ауыл шағын аудан­да­ры, Бейбарыс, Рисмаш ауданда­ры, Титов кентіне қарасты аудан­дардың жұртшы­лы­ғы мен ком­му­налдық-тұрмыстық мекемелеріне де газ жетеді. Бұл жо­баны іске асыру арқылы 5500 тұр­ғын үй мен 1200-ге жуық ком­муналдық-тұрмыстық мекемелерді табиғи газбен қамтуға болады. Қайыргелді Қабылдин  «Бола­шақтың іргесін бірге қа­лаймыз!» атты Жолдауда әлеу­мет­тік жаң­ғы­руға ерекше мән берілгенін атап көрсетті. – Сыр өңірі елі де бай, жері де бай киелі мекен. Елімізде атқа­ры­лып жатқан индустриялық-ин­но­ва­циялық бағдарлама бойын­ша Қы­зыл­орда облысында 16 жоба қолға алынды. Бұл үлкен жетістік екенін баса айтқым келеді. Биыл қызыл­ордалық мұнай ком­па­ниялары жос­парды артығымен орындап отыр. Осы орайда «Қаз­МұнайГаз» ұлт­тық компаниясы басшылығының атынан сіздерге алғыс айтқым келеді. Сонымен қатар компания көпмақсатты спорт алаңдарын салу бағдар­ла­масы шеңберінде биыл Қызылор­да қаласында балалар үшін футбол, волейбол, баскетбол және спорттың басқа да бұқаралық түрімен айналысуға арналған спорт алаңдарын салатын бола­ды,– деді Қ.Қабылдин. Ұлттық компанияның басшы­сы алдымызда келе жатқан саяси нау­қанды да сырт айналып өткен жоқ. Тәуелсіздік жылдарында елі­міздің ең ірі жетістіктерге қол жеткізгенін айта отырып, бола­шақ­та да бағын­баған белестер мен алынбаған асу­лардың тұрғанын айтты. Бір күндік сайлаудың келешекті таңдау екенін де баса айтып, сайлауда белсенділік та­ны­туға шақырды. «ҚазМұ­най­Газ» ҰК» АҚ басқарма төраға­сы­мен болған кездесуге қатысқан мұнай компанияларының еңбек ұжымдары «Болашаққа Елбасы­мен бірге баратындарын» айтты. Жиын кезінде сөз алған «Пе­троҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ, «Торғай Петролеум» АҚ, «Қаз­ГерМұнай» біріккен кәсіп­ор­нының еңбек ұжымдары ха­лық­тың әл-ау­қатын нығайтуға ба­ғытталған, ша­руа­шылығын тү­зеу­ге арналған Ел­ба­сы бағдарла­ма­ларын қуаттап, қол­дайтын­да­рын бірауыздан жеткізді. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өнді­ру» АҚ бас директоры Кенжебек Ибрашев өз сөзінде 60 пайызы біз­дің мемлекетіміздің меншігі болып табылатын осы компа­ния­ға «Қаз­Гер­Мұнай» біріккен кә­сіп­орнының 50 пайызы, «Пет­ро­Қазақстан» ком­паниясының 33 пайызы және «Тор­ғай Петролеум» компаниясының 16,5 пайызы тиесілі екенін атап көрсетті. Бұл компаниялардың ҚМГ БӨ шо­ғыр­ланған көрсеткіш­те­ріне қо­сып отырған үлесі айтар­лық және шамамен 30 пайызды құрай­ды. Кенжебек Ибрашев ерен еңбегі арқасында өлкенің, компа­ния­ның және бүкіл Қазақстанның көр­ке­юі­не өз үлесін қосып отыр­ған барша еңбек ұжымдарына ри­за­­шылығын білдірді. Кездесу барысында сөз алған «ҚазГерМұнай» біріккен кәсіп­ор­ны директорының бірінші оры­н­басары Әнуар Ахметжанов сүбе­лі сөз айтты. «ҚазМұнайГаз» ком­па­ния­лар тобына кіретін «Қаз­Гер­Мұнай» компаниясы Қызыл­орда қа­ласының қажеттіліктері үшін Қа­зақстандағы ең төменгі бағамен газ жеткізіп тұрған бірден бір оператор екенін атап көр­сетті. 2010 жылы кәсіпорын 52 385 тонна сұйытылған газ жә­не 217 881 000 текше метр тауар га­зын өндіріп, халыққа жеткізген. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ бас­қарма төрағасының бірінші ор­ын­басары Болат Палымбетов те ор­ынды уәжін ортаға салды. «Осы жер­де жасалған баяндамадан мен өз төл өнімдеріміз бен қызмет­те­рімізді сатып алу мен пайдалану туралы дерек естімедім. Мұнай ком­паниялары керек-жарақтарын сырт­тан тасымауы керек. Өзіміз өндірген өнімдерді пайдалануы - шарт. Ол үшін Үкіметтің де ар­найы қаулысы бар. «ҚазМұнай­Газ» ұлттық компаниясы бүгінде өз өнімдерімізді пайдалануды арт­тырды. Сіздерге де соны үлгі ретінде айтқым келеді. Сонымен бірге, сырттан маман ша­қыр­ған­ды да көбейте бермеу керек. Жергілікті кадрларды жұмысқа тартқан жөн», – деді ол. Болат Палымбетовтің жанашырлық сө­зін жұрт жылы шырай таны­тып қарсы алды. Бүгінде мұнай өндіру саласы еліміздің экономикасын алға сүй­реп тұрғаны айдан анық. Қара алтынның қаймағын қалқып, өні­мімен экономикамызды өрге сүй­реген мамандармен болған кездесу көңілдегідей өтті. Сондықтан қызылордалық мұнайшылар ос­ын­дай кездесу жиі болып тұрса деген тілекпен тарқасты. Ержан БАЙТІЛЕС. Қызылорда облысы.