• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
09 Қаңтар, 2017

Шымкенттіктер көлікті малдың қиынан алынған газбен жүргізбек

356 рет
көрсетілді

Шымкентте қарапайым инженер мен дәнекерлеуші сиырдың қиынан биогаз алатын модульді жүйені жасап шықты, деп хабарлайды Хабар24. Өзге жобалардан ерекшелігі, қондырғы толықтай қолмен құрастырылған. Оған қоса, қиды жейтін бактерияны да өздері тапты. Қос өнер иесі 30 тонналық алғашқы реакторды ашық аспан астында құрастырыпты. Қондырғы ауа райын талғамайды. Яғни жыл 12 ай жұмыс істей береді. Бір ерекшелігі, шикізат ретінде тек ірі қара малдың қиын ғана қолданады. Өйткені одан бөлінетін метан қөмірқышқыл газына қарағанда қоршаған ортаға әлдеқайда зиянды екен. "Орта есеппен 30 тоннадан күніне 480 куб таза метан ауаға кетеді. Ол жоғары азон қабатын былғап, қоршаған ортаға зияны өте күшті. Метан көмірқышқыл газына қарағанда 28 есе қоршаған ортаға зиянды. Сондықтан малақты пайдаланып жасап жатырмыз," - дейді инженер-электроншы Салауат Дауылбаев. Қондырғының құрылымы өте қарапайым. Кәдімгі қиға су қосылып, жабық бөшкенің ішінде араластырылады. Сол кезде оның құрамындағы метан бөлінеді. 1 тонна биомассадан 27 куб метан алынады екен. Бөшкедегі газ 18 күн бойы жанып тұрады. «Модульді жүйе шағын ауыл мен өндірісті тұтастай газбен қамтуға жетеді», - дейді өнертапқыштар. "Метанның тазалығы 75-80%. Оңайлықпен көзге көрінбейді. Сіздерге қағазды оталдыру арқылы көрсетейін. Арасында кішкене көмірсутек бар. Байқаған шығарсыздар, қызыл болып жанып тұрған сол көмірсутек. Одан кейін аммиак болады. Оларды арнайы қондырғы арқылы алып тастай аламыз," - дейді инженер-электроншы Салауат Дауылбаев. Жаңа жүйенің сызбасын өздері жасаған. Цистернаның ішіне қиды араластыратын ұзындығы 8, ені екі метр болатын білте темірі мен қалақша орнатылған. Көбіне шірімейтін темір қолданылған. Дәнекерлеу жұмысы асқан ұқыптылықты қажет етеді. «Себебі иненің жасуындай тесік қалса, бар жұмыс зая кетеді», - дейді дәнекерлеуші Аслан Тұрсынханов.