АҚШ президенттігіне демократтар атынан сайлауға түскен Хиллари Клинтон Нью-Йорк мэрлігіне сайлауға түспейтінін оның сенімді өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды CNN.
Естеріңізге сала кетейік, кеше New York Daily News Клинтонның осы лауазымға сайлауға түсетінін мәлімдеген еді.
"Менің ойымша, Клинтон енді ешқандай да сайлауға түспейді", - дейді сенімді өкіл Нира Танден.