Брент маркалы мұнай бағасы Лон қор биржасында 7 қаңтардан бері 56,60-57,20 доллар дәлізі аралығында ауытқуда.
Өткен апта басында Кувейт, Оман мен Ирактың мұнай өндірісін азайту туралы ОПЕК+ келісімін жүзеге асыра бастағаны туралы мәліметтен кейін шикізат құны осы деңгейге дейін көтерілген еді.
Бұдан бөлек ОПЕК экспортының үштен біріне ие Сауд Арабиясы да аталған келісімшарт талаптарын орындауға кірісіп кеткенін хабарлады. Жыл басынан бері тәулігіне 20 мың баррель азайтуға келіскен Қазақстан да өткен аптадан бері мұнай өндірісін азайтты.
Ірі экспорттаушылардың ОПЕК+ келісімін сақтауы нәтижесінде шикізат құны бір қалыпқа түскенге ұқсайды.
Бұл өз кезегінде ұлттық валютаның да тұрақталуына жол ашты. Қазір KASE-нің таңғы сессия қорытындысы бойынша, теңгенің долларға шаққандағы бағамы 330,12 шамасында.