• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
09 Қаңтар, 2017

Алматы облысында кеден қызметкеріне пара ұсынған кәсіпкер ұсталды

324 рет
көрсетілді

«Алтынкөл» кеден бекетінің лауазымды тұлғасына пара ұсынған кәсіпкер ұсталды, деп хабарлайды Алматы облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің Ішкі қауіпсіздік басқармасының баспасөз қызметі. «2017 жылы 6 қаңтарда Алматы облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің Ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері Алматы облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюро департаментімен бірлесіп, «Қорғас - Шығыс қақпасы АЭА» аумағындағы Алматы облыстық МКД «Алтынкөл» кедендік одағының бас маманы Б.Әбілбековке темекі өнімдерін Қытайға кедергісіз өткізу үшін 5 мың теңге пара беру үстінде З. есімді азамат ұсталды», делінген хабарламада. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 367-бабы, 1-бөлімі (пара беру) бойынша  сотқа дейінгі тергеу амалдары жүруде.