• RUB:
    5.61
  • USD:
    479.4
  • EUR:
    522.93
Басты сайтқа өту
19 Наурыз, 2011

Атақты актерді атаусыз қалдырмайық

398 рет
көрсетілді

Қазақ кино өнерінің ірі тұлға­ларының бірі – Абдолла Қарсақбаев. Егер ол тірі болса, үстіміздегі жылдың күзінде 85 жасқа толар еді. Өкініші көп өмірдің ерте сөнген жарық жұлдыздарының бәрі бірдей еске алына бермейді. Ол «Ботагөз», «Қилы кезең» фильмдерінің екінші режиссері болды. Ал «Менің  атым Қожа», «Алты жасар Алпамыс» сын­ды фильмдері қазақ кино өнерінің алтын қорына енді. «Менің атым Қожа» Фран­ция­дағы Канн фестивалінің дипломына  ие болғанын, «Қазақфильмнің» ал­ғаш­қы халықаралық деңгейде  та­ныл­ған фильмі екенін де ұмыт­пай­ық. Ал «Алты жасар Алпамыс» фи­льмі Бүкілодақтық Х кинофес­ти­вальдің жүлдегері атанды. Белгілі кинорежиссердің 60, 70, 75, 80 жылдық мерейтойлары да атау­сыз  қалды. Сондықтан да КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова, ең­бек және қоғам қайраткері Сұлтан Жиенбаев,  КСРО халық әртісі Асан­әлі Әшімов, Мемлекеттік сый­лық­тың лауреаты, Қазақстанның халық әртісі Ескендір Хасанғалиев, КСРО халық әртісі, қырғызстандық кинорежиссер Болатбек Шамшиев; Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрлан Оразалин, Лермонтов атындағы орыс драма театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Рубен Андриасян, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лау­реаты, киноактер Нұржұман Ық­тымбаев, жазушы, «Құрмет» ор­денінің иегері Нағашыбек Қапал­бек­ұлы сынды қайраткерлердің атақты актердің мерейтойын атап өту жөнінде көтерген бастама-үндеуін қолдаймын. Қарсақбаевтың қазақ мәдениетіне қосқан үлесін ескере отырып, оның 85 жылдық мерейтойын атап өтуге байланысты үкіметтік комиссия құрылып, тиісті ұйымдастыру шаралары өткізілуі керек деп есептеймін. Уәлихан ҚАЛИЖАН, Мәжіліс депутаты.