• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
17 Қаңтар, 2017

Қайсар жандар қасымызда

578 рет
көрсетілді

Қызылорда өңірінде 27 000 мүмкіндігі шектеулі жан бар. Соның 1 800-ге жуы­ғы бірінші топтағы мү­гедек. Тағдырдың жазуына бой бермей, әрқайсысы дү­ниенің тетігіне кірпіш бо­лып қаланғысы келеді. Се­бе­бі, бойда қан тасыған соң, пен­де шіркін жасымайды екен. Осы орайда, қоларбаға та­ңылғанына қарамастан, өмір­ге деген құл­шынысын арттыра білген Тамара Ас­қарқызын айтпай кетуге бол­мас. Ол «Талсуаттағы» мү­ге­дек­терді оңалту орта­лы­ғы­на қол­арбада отырып қал­май, аяққа тұрамын деген ниетпен келген еді. Сол мақсатына же­те білді. Оңалту орта­лы­ғында мүмкіндігі шек­теулі жандарға өмір ағы­мы­нан қалыс қалмай, кә­сібін ашуға мүмкіндік бар. Тамара Асқарқызы да жеке жобасын іске асыруды ойлады. Орталық қызметкерлері «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының мамандарымен кездесу ұйымдастырып, олардың кеңесін алып, өз ісін ашуға талпынды. 12 адам қатысқан конкурста оның «Құс жастықтарды тазалап, қалпына келтіру» жобасы үздік деп танылып, 1 000 000 теңге қайтарымсыз грантқа қол­ жеткізді. Ресейден жаб­дық­тар алып, қазіргі күн­де өңі­рімізде жоқ бизнес ашып, Шиелі ауданында жұмысын дөңгелетіп отыр. Сонымен қатар, орта­лық қыз­меткерлерінің ұйым­дас­ты­руымен Тамара Ас­қарқызы «Шектеусіз мүм­кін­дік» атты шара өткізіп, қол­ға алған кәсібі жайын­да кеңінен әңгімелеп берді. Өз кәсібін ашқысы келген аза­маттарға, жастарға жас­қан­бай, Үкімет тарапынан көр­се­тіліп жат­қан қолдауды пайда­лану керек екенін түсіндірді. Іс-шара концерттік бағ­дар­ламаға ұла­сып, Тамара Асқар­қы­зы­ның орын­дауындағы «Іңкәрім-ай», «Япыр-ай» әндерін жи­нал­ған қауым ұйып тыңдап, бір мар­қай­ып қалды. Тағдырлас болған соң бұл кісінің жеткен жетістігін жа­­зуды жөн көрдім. Қата­ры­мызда қайсар жандар бар еке­нін бас­қалар да білсін деген ой мені осы мақаланы жазуға жетеледі. Зәуре ҮКСІНБАЕВА, І топтағы мүгедек Қызылорда облысы