№1 кесте
№ Ж.Ахметбеков М.Елеусізов Ғ.Қасымов Н.Назарбаев 1 110 101 96 129 Кандидат Н.Назарбаев бойынша кандидаттың сайлау қоры қаражатынан төленген мемлекеттік және орыс тілдеріндегі 24 үгіт материалдары келесі баспа басылымдарында шықты: «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Айқын», «Литер», «Аргументы и факты», «Караван», «Экспресс-К», «Комсомольская правда в Казахстане». Кандидат Ғ.Қасымов бойынша кандидаттың сайлау қоры қаражатынан төленген 1 материал, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясы кандидаттарға республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен төлеген материал «Казахстанская правда» газетінде жарияланды. Кандидаттар Ж.Ахметбеков, М.Елеусізов бойынша баспа БАҚ-тарда кандидаттардың сайлау қорлары қаражатынан төленген материалдар жарияланған жоқ. Жарияланған материалдардың көлемі№2 кесте
№ Ж.Ахметбеков М.Елеусізов Ғ.Қасымов Н.Назарбаев 1 44603,7 44893 43012,3 63832,7 Кандидаттар бойынша материалдардың көлемі кандидаттардың сайлау қорлары қаражатынан төленген материалдарды қамтиды. №2 диаграмма Сонымен бірге, БАҚ-тардың кандидаттардың кәсіби қызметін жариялау жөніндегі материалдарын белгілеу бойынша мониторинг те жүргізіледі. Баспа БАҚ-тары мониторингінің барлық кезеңінде Н.Назарбаевтың Елбасы ретіндегі қызметін жариялау бойынша 146 материал анықталды. Басқа кандидаттар бойынша олардың кәсіби қызметі жөніндегі материалдар анықталған жоқ. Электронды бұқаралық ақпарат құралдары Электронды БАҚ-тар (теледидар) мониторингі аясында кандидаттардың қызметін жария ететін ақпараттық және шолу сипатындағы сюжеттердің келесідей бөлінгені анықталды: Сюжеттердің жалпы саны№3 кесте
№ Ж.Ахметбеков М.Елеусізов Ғ.Қасымов Н.Назарбаев 1 148 163 161 108 Сюжеттердің көпшілігі «Хабар» және «Қазақстан» телеарналарының эфирінде шыққанын атау керек, тиісінше 174 және 122 материал. Бұл республикалық телеарналар эфиріне орналастырылған сюжеттердің жалпы санының 51% құрайды. №3 диаграмма Сонымен бірге, «Евразия», «НТК», «Ел Арна» және «Мир» телеарналарының эфирінде кандидаттардың қызметін жария ететін бір де бір материал анықталмаған. Жалпы алғанда, телеарналар бойынша материалдар санының үлестік қатынасы келесідей: (№4 диаграмманы қараңыз). №4 диаграмма Республикалық телеарналар эфирінің жаңалықтар блогы аясында кандидаттардың қызметін жария ету уақытының ұзақтығы №5 диаграммада келтірілген. №5 диаграмма Сондай-ақ электронды БАҚ-тар мониторингі аясында кандидаттардың кәсіби қызметіне арналған 88 сюжет анықталған, соның ішінде Н.Назарбаев бойынша – 87 сюжет, Ғ.Қасымов бойынша – 1 сюжет. Басқа кандидаттардың кәсіби қызметі туралы сюжеттер анықталған жоқ. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы.