• RUB:
    5.61
  • USD:
    479.4
  • EUR:
    522.93
Басты сайтқа өту
25 Наурыз, 2011

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы №98

402 рет
көрсетілді

2011 жылғы 17 наурыз, Астана қаласы «Қазақстан Республикасының жалпы  орта білім беретін ұйымдарында 2010-2011оқу жылының басталуы туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2010  жылғы 16 шілдедегі № 386 бұйрығына өзгертулер енгізу туралы «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 14) тармақшасына сәйкес  бұйырамын: 1. «Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беретін ұйымдарында 2010-2011 оқу жылы­ның басталуы туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2010  жылғы 16 шілдедегі № 386 бұйрығына мынадай өзгертулер енгізілсін: 1-тармақта: төртінші абзацында: «12 күн» сөздері «13 күн» сөздерімен; «1» саны «2» санымен ауыстырылсын. 2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Б. С. Кәрімжанов): 1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткі­зіл­геннен кейін бұқаралық ақпарат құралда­рында жарияласын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Н. Сарыбековке жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Министрдің міндетін атқарушы Б. ӘБДІРӘСІЛОВ. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әді­лет министрлігінде 2011 жылғы 18 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6830 болып енгізілді.