• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Наурыз, 2011

Тиянақты әзірлік – мол өнім кепілі

406 рет
көрсетілді

Көктемгі егіске дайын­дық қазіргі кезде Шығыс Қазақ­стан облысындағы Үр­жар ау­данында барынша қы­зу қар­қынмен жүріп жатыр. Аудан­дағы 5 мыңға жуық шаруа қожалықтары қолда­рын­­дағы бар техникасын ретке келтіріп, тұқымдарын сұрыптап, жа­нар-жағармай­ларын дайын­дап, аталған науқанға дайын отыр десе де болады. Биылғы жылы ауданда 138 мың 329 гектар алқапқа егін егілмек. Оның 2295 гек­тарын көкөніс пен жеміс-жидек, 925 гектарын бақша да­қылдары, 869 гектарын көп­жылдық шөп егістігі құрамақ. Көктемгі дала жұмыста­рына 5452 тонна дәнді-дақыл тұқым­дары әзірленген. Оның 4654 тон­насы немесе 85 пайызы наурыз айының бірінші онкүндігінде зертхана­лық тексеруден өткізілді. Тракторлардың 70 пайы­зы, тіркемелердің 80 пайызы әзірлік сапына қойылды. Аудандағы шаруашы­лық­тар­дың бірқатары лизинг арқылы жаңа техникаларға ие болды. Мә­селен, «Бірлік» шаруа қожалығы құны 16,8 миллион теңге тұратын «Есіл» комбайнын, әрқайсы­сы 5,6 миллион тұратын 2 МТЗ-82 тракторын сатып алса, «Бибі» шаруа қожалығы осын­дай екі трактор мен 700 мың теңгелік 1 КДП мәши­несін меншіктеп үл­герді. Ал «Қай­рат» шаруа қожа­лығы баға­сы 11,5 миллион тең­геге «Енисей» комбайнын сатып алды. Жалпы, мұндай мы­сал­дар­ды көптеп келтіре беруге болады. Аудан аумағына былтыр­ғы жылы қар тым қалың түскен еді. Оған қарағанда биылғы қар жұқалау болып отыр. Сондықтан егістіктің ылғалдылығын артты­ру мақ­сатында көптеген шаруа­шы­лықтар қар тоқтату жұмы­сымен шұғылданды. Сөйтіп, аудан диқандары ал­дымыздағы көктемгі егіске үлкен әзірлікпен келіп отыр. Ал жақсы әзірлік – мол өнім кепілі. Іске сәт дейміз, ендеше! Бисенғазы ҰЛЫҚБЕК,  журналист. Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы.