• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
19 Қаңтар, 2017

Бірнеше облыста "Егемен Қазақстанның" жаңа меншікті тілшілері қызметке келді

608 рет
көрсетілді

Бүгін «Егемен Қазақстан» Республикалық газеті» акционерлік қоғамы Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі газеттегі кадрлық өзгерістерді жария етіп, ұжымды жаңа қызметкерлермен таныстырды. 

Басылымның аға тілшісі Асқар Тұрапбайұлы Ақмола облысына меншікті тілші болып тағайындалды. Батыс Қазақстан облысындағы меншікті тілші қызметін атқарып келген Темір Құсайын енді Ақтөбе облысына ауысатын болды. Ал Батыс Қазақстандағы меншікті тілші болып белгілі журналист Қазыбек Құттымұрат қызмет атқармақ. 

Сонымен қатар Бақытгүл Бабаш, Мирас Асан, Хамит Есаман, Азамат Қасым сияқты журналистер тиісінше Атырау, Қарағанды, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облысындағы тілшілер болып бекітілді. Ал Ғалымжан Елшібай Оңтүстік Қазақстандағы тілшілер қосынының тілшісі қызметіне қабылданды.