• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Наурыз, 2011

Ресейлік журналистермен жүздесті

406 рет
көрсетілді

Жуырда Алматыда Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясы атынан президенттікке кандидат Жамбыл Ахметбеков Ресей Федера­ция­сы­ның БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу дөңгелек үстел тү­рінде ұйымдастырыл­ған­дық­тан, журналистер өз­де­рін қы­зықтырған сауал­да­рын қою­­ға мүмкіндік алды. Кандидатпен кездесуге келген жур­на­лис­тердің ара­сын­да «Мос­­ковский комсомолец», «Комсомольская правда», «Пар­­­ламентская газета», «Но­вые известия» газеттері мен «Профиль» журналы­ның, «Го­лос России» радиосы­ның, сондай-ақ, «Россия-24» тел­е­арнасы мен РИА Новости, «МИР» телекомпания­лары­ның өкілдері болды. Ж.Ахметбеков басқосу ба­­рысында жиналғандар ал­дын­да өзінің сай­лау­алды тұ­ғырнамасын баяндап, «Жам­был Ахметбековтің үш бас­та­масы» бағдарламасының мән-маңызын түсін­ді­ріп берді. Шара аясында ресейлік жур­налистер «Не себепті президенттік сайлауға түс­тіңіз және мұнымен нені көз­деп отырсыз?», «Сайлау кезінде халықтың қай әлеует­тік бөлігі сізге көбірек дау­ыс береді деп ойлайсыз?», «Сай­лауға түсу барысында ел тұр­ғындарының қанша пай­ыз дауысын аламын деп отыр­сыз?», «Қазіргі таңда жүр­гі­зіліп отырған саясаттан қан­дай кемшіліктерді айтар еді­ңіз?», «Сіз референ­дум­ға қан­дай көзқараспен қара­ды­ңыз?» деген тұрғыда бірқатар сауалдар қойды. Жамбыл Ахметбеков би­ылғы жылдың 14 ақпа­нын­дағы Қазақстан­ның Коммунистік халықтық партия­сы­ның съезінде өзінің партия аты­нан сайлауға түскенін, алайда, бұл үлкен жауапкершілікті жүктейтіндіктен, атал­­ған саяси науқанға барлық күш-жі­герін жұмсап отыр­ға­нын жеткізді. «Біздің сай­лауалды тұғырнамамыздың басты мақ­саты – елдің әлеу­меттік-эко­номикалық әлеуетін көтеру­», – деді кандидат өз сөзінде. Ал бір журналистің «Сайлау кезінде халықтың қай әлеу­меттік бөлігі сізге кө­бі­рек дауыс береді деп ойлай­сыз?» – деген сауалына Ж.Ахметбеков өзінің бағдарла­ма­сының әлеуметтік аз қам­тыл­ған топтарына, атап айт­қанда, зейнеткерлерге, мем­лекеттің қам­қор­лығына зәру мүгедек жандарға, жұмыс­сыз­дар мен өз ісін дөңгелетіп жүрген кәсіпкерлерге арнал­ған­дығын жеткізді. «Алдын- ала ешқандай болжам жаса­ғым келмейді. Мен Алматы облысы тұрғындарына дейін Ақмола және Жамбыл об­лысының халқымен кездестім. Бұл кездесулердің нәти­жесі көңілдегідей болады деп ойлаймын. Біздің бағдарла­мамыз қоғамның әлеуметтік жағынан аз қамтылған то­бы­на арналғанын айттым ғой. Ал бүгінде еліміздегі мұндай тұрғындардың жалпы саны 2,7 млн. адамды құрайды. Тағы бір атап өтерлігі, осын­шама халықтың 75 мыңға жуығы біздің партияға мүше. Сондықтан, төменгі көрсет­кіштен емес, керісінше, жақ­сы нәтижеден үміттіміз», – деді бұл турасында Ж.Ахметбеков. Кездесу соңында президенттіктен үміткер ресейлік БАҚ журналистеріне сұхбат берді. Олар өз кезектерінде кандидатқа алдағы сайлау науқанында сәттілік тіледі. Басқосудан кейін Ж.Ахметбеков Шаңырақ ауылы тұр­ғындарымен кездесіп, олар­ды толғандырып отыр­ған мәселелер жөнінде пікір алмасты. Назгүл МАҚАЖАН, Ж.Ахметбековтің сайлауалды штабының қызметкері.