• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
31 Наурыз, 2011

Белсенділікпен өтетініне сенеміз

305 рет
көрсетілді

Отанымыздағы жетекші партиядан ел президенттігіне кан­дидатты қолдау жөніндегі  Петропавл қалалық штаб төр­ағасының орынбаса­ры Жасұлан Ахметовтен саяси науқанға әзірлік жөнінде ай­тып беруін өтінген едік. – Штаб сегіз бағыт бойынша үйлесімді жұмыс атқарып келеді. Оның құрамы өңірге белгілі тұлғалармен, саясаткерлермен,  ардагерлермен, жастармен, үкі­меттік емес ұйым өкілдерімен толықтырылған. Шеттерінен тә­жірибелі, қоғамдық-саяси істерде ысылған жандар. Мәселен, ұйымдастыру-бұқаралық жұ­мыс­тар бөліміне Петропавл қа­ласының құрметті азаматы Анатолий Мищин жетекшілік етеді. Халық қалаулысы  Александр Ка­занцевке сенім білдірілген  адам­дардың іс-әрекетін үйлестіру жүктелген. Олардың жалпы саны – 220. Бұдан тысқары 110 адамды біріктіретін ерікті волонтерлер тобы бар. Штабқа келушілер қатары да көп. Оларды түрлі сауалдар тол­ғандырады. Кейбірін жеке мә­селелер мазасыздандырса, енді біреулері қоғамдық проблема­лар­ды ортаға салады. Кез келген пікір, ұсыныстың құнды, ма­ңызды екенін ескеріп,  қоғамдық қабылдауды жүйелі жүргізіп оты­рамыз. Мұның өзі әлеу­мет­тік ой-пікірлерді сараптап, зерделеп отырудың таптырмас құралына айналды. Өткен аптада ұйымдастырылған қоғамдық қабылдауға 25 петропавлдық кел­ді. Олар да әртүрлі мәселелер бойынша өз ойларын ортаға салды. Бәрінен де адамдардың  саяси белсенділігінің артқаны, ой-толғамдарының өзгешелігі қуантады. Жақында 500 адамды қамтыған әлеуметтік сауал жүр­гіздік. Олардың жауаптары да алдағы сайлаудың жоғары дең­гейде өтетінін айғақтайды. Жуыр­да тағы бір іс-шараға жұмыла кірісіп кеттік. Ол «Үйден үйге дейін» деп аталады. Басты мақсаты – пә­тер иелерімен ауызба-ауыз сөй­лесіп, ой-пікірлерін тыңдау, проблемаларын білу, сайлауға ұйымшылдықпен қатысуға үндеу. Мен өзім Елбасының екі рет сенім білдірілген адамы болу бақыты бұйырған жанмын. Бұл жолғы сайлауға да петропавл­дық­тардың үлкен белсенділікпен қатысатынына еш күмән жоқ. Жазып алған Өмір ЕСҚАЛИ. Солтүстік Қазақстан облысы.