• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
31 Наурыз, 2011

Астана – достастық кеңістігіндегі үздік қала

292 рет
көрсетілді

Тәуелсіздігіміздің тұғыры, елдігіміздің айбары, халқы­мыз­дың айбынына айналған ару Астана тағы да айды ас­панға шығарып, жарты әлемді жайлаған кеңістіктегі қала­лардың жеңімпазы атанды. Халықаралық Астаналар және ірі қалалар ассамблеясының бас­тамасымен өткізілген «ТМД және ЕурАзЭҚ-тың үздік қаласы» атты ІІІ халықаралық қалалық тәжірибелер байқау-конкурсында Астана қаласы 81 қаланың ішінен топ жарып, үздік шықты. Елордамыз 2030 жылдарға дейінгі дамудың тұрақты стратегиялық жоспа­рын белгілеу және жүзеге асыру, бұқаралық денешы­нық­тыру және спортты дамытуға жан-жақты жағдай жасау, кемтар адамдардың тұрмысы үшін жақсы жағдай жасау және әлеуметтік қолдау жүйе­сін ұйымдастыру, тұтынушы­лар­дың құқын қорғау жө­ніндегі қоғамдық және му­ни­ципалдық ұйымдар құру, қала аумағындағы өндірістік ны­сан­дарға экологиялық бақы­лау жасау сияқты номинациялар бой­ынша жеңімпаз деп танылып, ең жоғарғы дипломмен ма­ра­патталды. Астана тұр­ғын­дарын қаламыздың осы бір зор жетістігімен құт­тық­тай оты­рып, елорданың еңсе­сінің биіктей беруіне сәттілік тілейміз! (Осы қуанышты оқиғаға байланысты Астана қаласына арналған арнаулы бет газе­тіміздің таяудағы нөмірінде жарық көретін болады). Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ.