• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
20 Қаңтар, 2017

Астанада екі автобус бағдары өзгерді

279 рет
көрсетілді

Астанада екі автобус бағдарының қозғалыс сызбанұсқасы өзгерді, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты. Елордалық Жолаушылар тасымалы басқармасының хабарлауынша, қаланың бағдарлық желісін оңтайландыру аясында 2017 жылдың 23 қаңтарынан бастап № 29 және № 76 бағдарлардың қозғалыс сызбанұсқасына келесідей ішінара өзгерістер енгізілетін болады. №29-бағдар соңғы «Дархан» балабақшасы аялдамасынан - «Астана-Қарағанды тас жолы» аялдамасына дейін өзгеріссіз, әрі қарай Төлебаев көшесіне бұрылмай, Абылай хан даңғылының бойымен жүреді. Кері бағытта өзгеріссіз. №76-бағдардың қозғалысына келесідей өзгерістер енгізілді: Соңғы «Азамат» шағын-маркеті аялдамасынан - «Балқантау көшесі» аялдамасына дейін өзгеріссіз, әрі қарай бағдар Балқантау көшесіне бұрылмай, Айнакөл көшесінің бойымен жүреді. Кері бағытта соңғы «Рита» дүкені аялдамасынан - «Мереке» СҮ аялдамасына дейін өзгеріссіз, әрі қарай Балқантау көшесіне кірмей, Айнакөл көшесінің бойымен жүреді.