• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
20 Қаңтар, 2017

Алматы облысында ет өңдейтін зауыт салынады

361 рет
көрсетілді

Алматы облысы Жамбыл ауданында 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында "Империя Фуд" компаниясы ет өңдейтін зауыт салуды жоспарлап отыр, деп жазады "Интерфакс-Қазақстан". Жобаның құны 2,3 млрд теңге. Зауыттың жобалық қуаты жылына 8 мың тонна. Сонымен қатар, «Империя Фуд» ЖШС 2017 жылдың көктемінде жем-шөп қоймасын салмақшы. Онда шамамен 5 мың тоннаға дейін өнім сақтауға болады. Жобаның жалпы құны 288 млн теңге. Соның 224 млн теңгесі "ҚазАгроФинанс" АҚ-ның қаржыландыруымен келсе, 64 млн теңгесі компанияның өз қаражаты. Компанияның негізгі маманданған қызметі - ауыл шаруашылығы. Соның ішінде мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы.