• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Қаңтар, 2017

Қытай экономикасының даму қарқыны бәсеңдеді

361 рет
көрсетілді

Қытай экономикасының даму қарқыны 2015 жылы 9,6 пайызға, 2016 жылы 6,7 пайызға бәсеңдеді. Бұл соңғы 26 жылдағы ең төменгі көрсеткіштер. Бұл туралы ҚХР-ның Мемлекеттік статистикалық бюросының мәліметтеріне сүйене отырып, Reuters хабарлады. Экономика өсімінің көрсеткіштері Қытай билгі өкілдерінің болжамдарымен сәйкес келді. Алғашқы үш тоқсанда ЖІӨ-нің жылдық өсімі 6,7 пайызға жетті. Төртінші тоқсанда 6,8 пайызға артты. ҚХР-ның ішкі жалпы өнімінің көлемі жыл қорытындысы бойынша, 74,41 триллион юаньді құрады (шамамен 10,84 триллион доллар). Reuters агенттігінің хабарлауынша, Қытай экономикасының қазіргі таңдағы жағдайы өткен жылмен салыстырғанда мығым екендігіне қарамастан, 2017 жылы оның өсімін нақты айту қиын болып отыр. Сонымен қатар билік өкілдерінің экономиканың даму қарқыны жеделдетуге бағытталған шаралары да әлсіз. АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамптың сауда саласында протекционистік бағыт бойынша жүргізіп отырған саясаты Қытай экспортына қатысты мәселені қиындыта түспек. Онсыз да мүшкіл жағдайға юаньнің құнсыздануы да кері әсерін тигізуде.