20 қаңтарда сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық-драма театрында мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.
Оған 11 жұмыс беруші қатысып, түрлі мамандықтар бойынша 50 бос жұмыс орнын ұсынатын болады.
Жәрмеңкені «Нұр Отан» партиясы Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп ұйымдастырады.
Мүгедектерге арналған жәрмеңке «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасының бір бөлігі болып табылады.