• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
20 Қаңтар, 2017

Астанада әлеуметтік төлемдер үшін 5 млрд теңге бөлінді

269 рет
көрсетілді

Астанада 2017 жылы халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына – зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға, аз қамтылғандарға елеулі қолдау көрсетіледі, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты. Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының хабарлауынша, әлеуметтік төлемдер үшін республикалық және жергілікті бюджеттен 5 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлінді. 2016 жылы 110 мыңнан астам адам әлеуметтік қолдаумен қамтылды, оның ішінде зейнеткерлер, ҰОС ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі адамдар, балалар, көп балалы отбасылар, көп балалы аналар, аз қамтылған азаматтар бар. Тұрғын үй жәрдемақысы 1456 отбасыға тағайындалды, 1381 адам атаулы әлеуметтік көмекті, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақыны 3904 балалар, Өрлеу» жобасы шеңберінде шартты ақшалай көмекті 243 алушылар алды. Сонымен қатар 96 мыңнан астам адам (жасы бойынша және еңбек сiңiрген жылдары бойынша зейнеткерлер, көп балалы аналар, көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар) қалалық бағыттағы жолаушылар көлiгiнде жол жүруге төлем төлеуден босату түріндегі жол жүруге (таксиден басқа) әлеуметтік көмекпен қамтылды. 106 мыңнан астам адамға мерекелiк және айтулы күндерге бiржолғы ақшалай төлемдер көрсетілді.