• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Қаңтар, 2017

Кәсіпкерлік нысандарын тексеру 3 есе қысқарды

446 рет
көрсетілді

Кәсіпкерлік объектілерін тексеру 3 есе қысқарды. Бұл жөнінде ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Мемлекеттік санитариялық бас дәрігері Жандарбек Бекшин ҚР Бас прокуратурасында өткен кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі кеңес отырысында мәлімдеді. «Кәсіпкерлік объектілерін тексеру 3 есе қысқарды. 2014 жылы әрбір сала бойынша 112 тексеру парағы болды. 2015 жылы 1 кешенді тексеруге қысқарту ұсынылды. 2016 жылы оларды 45 тексеруге дейін қайта көбейту ұсынылды. Яғни біз тексеру парақтарын жыл сайын өзгертіп отырамыз. Алайда, олардағы талаптар санитариялық қағидалар мен нормалардан алынады, тексеру парақтарынан тыс ешқандай бақылау жүргізілмейді. Осыған ерекше назар аудару қажет деп санаймын», - деп мәлімдеді Ж.Бекшин. Еліміздің бас дәрігерінің айтуы бойынша, камералдық бақылауды енгізудің, өнімді іріктеудің арқасында тамақ өнімінің қауіпсіздігін бизнеске әсер етпей бақылауға мүмкіндік береді. Мемлекеттік дәрігер атап өткендей, тексеру парақтары, санитариялық қағидалар мен нормалар «Атамекен» ҰКП-мен және ҚР ҰЭМ-де тіркелген 30 қауымдастықпен келісіліп отырған. «Біз осының барлығын бірлесіп жасадық. Алайда, уақыт өте келе, тамақ өнімі өндірісінде нанотехнологиялар пайда болуда. Әрине, біз наноөнімді бақылау жөніндегі санитариялық қағидаларды ғылыми түрде қарастыратын боламыз», - деді Ж.Бекшин.