• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Қаңтар, 2017

Санитарлық ережелер саны азайды

416 рет
көрсетілді

Алдағы уақытта елімізде санитарлық ережелерді мүлдем алып тастау жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бүгінде өндірістік бақылау енгізіле бастады. Соның негізінде біз санитарлық ережелерді мүлдем алып тастауды жоспарлап отырмыз. Себебі өндірістік бақылаудың арнайы бағдарламасы болады. Ол ХАССП (Hazard Analysis and Critical Control Point -қатерлерді талдау мен қауіпті салаларды анықтау) принциптеріне негізделеді. Бұл дегеніміз, әрбір өндіріс бойынша қауіп-қатерлер анықталады. Қазір бәрін типтік сипатта жасайтын кеңестер одағы емес қой. Сондықтан қауіп-қатерлерді анықтап, соның алдын алу шараларына негізгі басымдық беріледі», - дейді ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбарсы - Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин. Оның айтуынша, бүгінде санитарлық ережелердің саны 700-ден 67-ге дейін азайған. Осылайша, аталған ережелер он есеге қысқарып отыр. Ал санитарлық ережелерде көрсетілген талаптардың саны алты жылдың ішінде 14 мыңнан 3,5 мыңға дейін азайды.