• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
20 Қаңтар, 2017

Алматыға заңсыз келген 200 шетелдік елдеріне жіберілді

306 рет
көрсетілді

Универсиада-2017 спорт додасының қарсаңында оңтүстік астанаға заңсыз келген шетелдіктерді анықтау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлады krisha.kz. Алматы прокуратурасының мәліметі бойынша, 10 күндік жұмыс ішінде 246 адамның миграциялық заңды бұзғаны анықталып, олар мемлекеттен шығарылды. Заң бұзғандардың көпшілігі ішкі істер органдарына тіркелмеген, жұмыс істеуге рұқсат алмаған немесе виза уақыты бітсе де, елдеріне кетпеген. Аталған шара барысында шетелдіктердің тұрақты тұруға алған рұқсаттарының да заңдылығы тексерілген. Қажетті құжаттар тапсыру кезінде есепшоттарында қаражат болмаған 112 адамның рұқсаты күшін жойды. Естеріңізге сала кетсек, былтыр миграциялық көші-қон туралы заңнамаларды бұзғаны үшін 2400 шетелдік Қазақстаннан шығарылған болатын.