• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
20 Қаңтар, 2017

«Барселона» командасы қарсыласын 10 жылдан кейін ұтты (видео)

430 рет
көрсетілді

«Барселона» футбол клубы «Реал Сосьедад» командасын сырт алаңда алғаш рет 10 жылдан кейін ұтты. «Аноэта» стадионында өткен кездесу 1:0 есебімен аяқталды. Бұған дейін 8 матчта каталон клубы үш рет тең ойнап, бес мәрте есе жіберген. Кездесудің алғашқы таймында алаң иелері Силлессен қақпасына айтарлықтай қауіпті сәттер жасай алмады. Сондай-ақ, «Барселона» да өз кезегінде Еуропаның алпауыт командаларына қарсы ойнағандай үйреншікті әдісін көрсетпеді. Алайда, футболда болмашы бір қателіктің өзі жеңіліске әкелетіні белгілі. Матчтың 20-минутында айып алаңына енген Неймарды Ариц Элустондо шалып жыққандықтан, пенальти белгіленді. Ал 11 метрлік айып добынан бразилиялық шабуылшы мүмкіндігін тиімді пайдаланып, жеңісті голды соқты. Бұдан кейін қанша мүмкіндіктер болғанмен, таблодағы көрсеткіш өзгеріссіз қалды. Айта кетейік, аталмыш стадионда Лионель Месси бастаған ұжым соңғы рет 2007 жылы 5 мамырда 2:0 есебімен ұтқан.