• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
20 Қаңтар, 2017

Астана келіссөзіне БҰҰ делегаттарын де Мистура бастап келеді

282 рет
көрсетілді

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гyтeppeш Сирия бойынша арнайы елші Стаффан де Мистураға Астанадағы келіссөзге БҰҰ делегаттарын бастап баруды тапсырды, деп жазады Анадолы агенттігі.

«Астанада талқыға түсетін маңызды мәселені ескере отырып, Қазақстанға БҰҰ делегаттарын де Мистура бастап барады», - деді бас хатшының өкілі Стeфaн Дюжappик.

БҰҰ мәліметінше, Женевада болатын келіссөзге Астана шарасы оң нәтиже алып бермек.

Сириядағы татуласу туралы келісім 30 желтоқсанда күшіне енді. Түркия мен Ресей келісімнің гаранты ретінде кепілдік беріп отыр.