Әнуар Жұмаділдаев ҚР Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің твиттердегі ресми аккаунтында хабарланды.
Әнуар Серқұлұлы Жұмаділдаев 1965 жылы 22 қыркүйекте Қызылорда облысы Шиелі кентінде туған. П. Лумумба атындағы Ресей Халықтар достығы университетін (1990), математик; Батыс Қазақстан инженер технологиялық университетін (2006) бітірген, қаржыгер. 1990 жылдан - Алматы қаласы ҚазКСР ГА Математика және механика институтының тағылымдамашы-зерттеушісі.
1990 жылдан - П. Лумумба атындағы ХДУ аспиранты. 1992 жылдан - Алматы қаласы «Фирма Апас» ЖШС коммерциялық директоры.
1997 жылдан - Алматы қаласы «Алаугаз» АҚ басқарушысы, «Акцепт-Профиль» ЖШС вице-президенті. 1997 жылдан - Алматы қаласы «Апаугаз» АҚ президентінің міндетін атқарушы, президенті.
2005 жылдан - Орал қаласындағы Батыс Қазақстан облысы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары. 2008 жылдан - ҚР Қаржы министрлігі Ақпараттық технологиялар департаменті Ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылым және ақпараттық қауіпсіздік мониторингі басқармасы бастығының міндетін атқарушы, бастығы. 2008 жылдың желтоқсанынан - ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті Алкоголь, темекі және езге акцизделетін енімді әкімшілендіру басқармасының бастығы, Акциздерді әкімшілендіру басқармасының бастығы.
2009 жылдың сәуірінен бері ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті терағасының орынбасары қызметін атқарды.