• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
20 Қаңтар, 2017

2016 жылы 65 мың адам ұсақ бұзақылық жасаған

499 рет
көрсетілді

2016 жылы Қазақстанда 5,6 мың нәзік жанды бұзақылық жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Статистикалық деректерді талдау  көрсеткендей, өткен жылда Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексінің 434 бабы бойынша (ұсақ бұзақылық) әкімшілік жауапкершілікке 65 201 адам тартылды, оның 5 609-ы - әйелдер», - делінген ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет мәліметінде. Кодекстің аталған бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғандардың негізгі бөлігін 30 бен 40 жас аралығындағылар құрады, яғни 18  339 адам жазаланды. Одан кейінгі орында  20 мен 30 жасқа дейінгілер тұр - 17 647 адам, 40 пен 50 жас арасындағылар - 14 432 адам, сондай-ақ 11 446 адам - 50 жастан асқан азаматтар. Анықталғандай, 20 жасқа дейінгі жастар бұл құқықбұзушылықты сирек жасайды екен. Олардың тарапынан 3 337 факті тіркелді. Айта кетейік, шекілдеуік қабығын, темекі тұқылын және басқа да қоқыстарды тастау сияқты қоршаған ортаны ластаумен байланысты құқықбұзушылықтар ұсақ бұзақылық болып есептеледі.