Синоптиктер 2017 жылдың 21-23 қаңтар күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
"Демалыс күндері және келесі аптаның басында республиканың солтүстік бөлігінде қар жауу, көрінуі 500 метр шамасында нашарлауымен боран, 15-20, жергілікті жерлерде 25 м/с жел және температураның жоғарылауы күтіледі", - деді мамандар.
Сондай-ақ, синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның оңтүстік жартысында қар, сулы қар, тұман көрінуі 200-500 метр, көктайғақ күтіледі. Ал жексенбі күні республиканың оңтүстігінде күшті батыс желі секундына 20-25 метрге дейін жетеді деп күтіледі.