• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Қаңтар, 2017

ҚР ІІМ алқасының кеңейтілген отырысы өтті

440 рет
көрсетілді

Астана қаласында Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Президент-хатшысының көмекшісі В.З. Жұмахановтың қатысуымен ІІМ алқасының кеңейтілген отырысы өтті. Онда ішкі істер органдары жедел-қызметтік жұмысының 2016 жылғы жұмыс қорытындысы және алдағы уақыттағы міндеттері талқыланды, деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.  Жиында ішкі істер министрінің орынбасарлары баяндама жасап, қылмыстық-атқару жүйесі және төтенше жағдайлар комитетінің, сонымен бірге ісші істер органдарының бірқатар аумақтық бөлімшелерінің басшылары есеп берді. Сонымен қатар қылмыстық-атқару жүйесі мен төтенше жағдайлар бөлімшелері қызметінің қорытындысы қаралып, пробация қызметін одан әрі дамыту шаралары, сондай-ақ  құтқару қызметінің алдына қойған міндеттері сөз болды. Ішкі істер министрі Қ.Қасымов биыл ІІМ жүйесінің қызметі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы деңгейін көтеру, соның ішінде Алматы қаласында бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындарын және Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтіп, барлық қаралған мәселелере қатысты нақты тапсырмалар берді.