Қостанай облыстық мемлекеттік архитектуралық-құрылыстық бақылау басқармасының басшысы болып Нұрлан Қатарбеков тағайындалды. Ол осыған дейін облыстық жердің пайдалануы және қорғалуын бақылау басқармасын басқарған болатын.
Облыстық әкімдіктің кеңейтілген мәжілісінде облыс әкімі Архимед Мұхамбетов: «Жақында ғана Нұрлан Қатарбековтың тексеру, бюджетке түскен қаржы туралы есебін тыңдадық. Ол өзі басқарған басқармада тәртіп орната білді. Енді Мемлекеттік архитектуралық-құрылыстық бақылау басқармасында шешімін күткен көп теген мәселелер бар. Сондықтан Қатарбековты сонда жіберіп отырмыз», деді.
Нәзира Жәрімбетова, «Егемен Қазақстан».