• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
20 Қаңтар, 2017

Үкіметтік емес ұйымдарға бөлінетін грант саны артады

411 рет
көрсетілді

Биыл Үкіметтік емес ұйымдарға бөлінетін грант саны артты. Ол үшін қазынадан 617 миллион теңгеден аса қаржы қарастырылып отыр. Қаражат өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге артық, деп хабарлады 24.kz. Мәселен, былтыр 200 миллион теңге болатын 11 жобаға қаржылай қолдау көрсетілсе, биыл олардың саны 50-ге жуықтайды. «Азаматтық бастамаларды дамыту орталығы» басқарма төрағасының айтуынша, байқауға 150-ден астам үкіметтік емес ұйым қатысуға ниетті. Кез-келген үміткер 2 ақпанға дейін құжат тапсыра алады. Ал байқау қорытындысы наурыздың соңында жарияланбақ. «Ол былтырғыдай 11 бағытқа бөлінген. Бірақ былтыр 11 бағыт бойынша 11 грант қана болса, биыл 11 бағытқа 47 грант көздеп отырмыз. Оның ішінде балалар құқықтарын қорғау, жастарды қолдау, дінге байланысты мәселелер бар. Осы бағыттар заңда нақты көрсетілген болатын», – деді «Азаматтық бастамаларды дамыту орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы Нұрлан Өтешев.