• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
21 Қаңтар, 2017

Ақтауда кәсіподақ төрағасы қамауға алынды

294 рет
көрсетілді

Ақтауда қаражат жымқырды деген күдікпен кәсіподақ төрағасы ұсталды, деп хабарлайды tengrinews.kz OilConstructionCompany компаниясының кәсіподақ төрағасы Әмин Елеусіновке қаражат жымқырды деген күдік келтіріліп отыр. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. «Әмин Елеусіновтің кәсіпшілер одағындағы «ОСС» ЖШС жұмысшыларының ақшасын жымқыруы бойынша қозғалған қылмыстық іс тергеліп жатыр. Қажетті сот сараптамалары жүргізілді. Қазіргі уақытта Елеусіновтің кінәсін дәлелдейтін айғақтар жинастырылып жатыр», – деді Маңғыстау облыстық ІІД басшысының орынбасары Алдырза Қуанышкереев. Сондай-ақ ол күдіктінің 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін жеткізді. Бұдан бөлек, Нұрбек Құшақпаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Полицейлердің айтуынша, ол мұнайшыларды наразылық шараларын ұйымдастыруға шақырған. «Ішкі істер органдары Құшақпаев Нұрбекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 408-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. 2017 жылдың 20 қаңтарында Құшақпаев ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 128-бабы бойынша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оның кінәсін дәлелдейтін айғақтар жинастырылып жатыр», – деп мәлімдеді А.Қуанышкереев.