Алматыдан 171 шақырым қашықтықта 3,9 магнитудалық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясының сейсмикалық стансалар желісі 21 қаңтар күні 16 сағат 05 минут 00 секундта жер дүмпуін тіркеді.
«Жер сілкінісінің магнитудасы 3,9 баллды құраған. Зілзаланың дүмпу ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан солтүстік батысқа қарай 171 шақырым қашықтықта, 15 шақырым тереңдікте болған», делінген хабарламада.