• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
21 Қаңтар, 2017

Пәкістанның базарында жарылыс болып, 20 адам өлді

302 рет
көрсетілді

Пәкістандағы базарлардың бірінде жарылыс болып, кем дегенде 20 адам қаза тапты, 40-қа жуығы жараланған, деп хабарлайды BBC. Оқиға Парачинар қаласындағы халық көп шоғырланған көкөніс базарында болған. Жергілікті билік өкілдері жарылғыш затты жанкешті іске қосқанын айтуда. Айта кетейік, елдің бұл аумағында «Талибан» қозғалысының белсенділері көп. «Франс Пресс» агенттігінің мәлімдеуінше, оларға аталған топ өкілдерінің бірі хабарласып, оқиғаға жауапкершілікті өз мойындарына алатындарын айтыпты. Ол сондай-ақ бұл жарылыс Сирия президенті Башар Асадты қолдайтын шииттерге «сабақ» болатынын алға тартқан.