Атырау облыстық перинаталды орталығында амбулаториялы гинекологиялық операциялар орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мұндай орталықты ашу амбулаторияда аса күрделі емес хирургиялық операцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін лапароскопия мен гитероскопияның көмегімен емдеудің жаңа тәсілін қолданудың арқасында мүмкін болды. Ол әрине, тек стацинарлық емдеуді қажет етпейтіндер үшін қолданылады. Орталық енді ғана ашылғанымен оның көмегімен 40-қа жуық әйел денсаулықтарымен байланысты мәселелерін шешіп үлгерді. Бізде әйелдер ең көбі 3 күн болады. Олар үшін қазір 20 орын бар. Госпитальдарға қарағанда, амбулаториялық хирургияда кезекке тұрып, оны күтіп, анализ тапсырудың қажеті жоқ. Барлық қажетті сараптау жұмыстарын біз өзіміз жүргіземіз», - деп хабарлады амбулаториялы гинекологиялық операциялар орталығының меңгерушісі Бақыт Шұқабаева.