Астанада Ильинка ауданында орналасқан «жасыл белдеудің» соқпақ жолдар трассасының базасында 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиада аясында «Қаңтарлық спринт» шаңғы жарысы өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты.
Шараға 100-ден астам адам қатысты. Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде дәстүрлі спортшылар шеруі өтті. Ұйымдастырушылар мен төрешілер құрамына ірі спорттық-бұқаралық шараларды өткізу бойынша тәжірибесі мол жетекші спортшылар кірді. Солардың бірі – шаңғы жарысынан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, жоғары санаттағы төреші Старостин Юрий Михайлович.
«Бұл шараның ерекшелігі – Универсиада қарсаңында өткізіліп жатқанында. Жарысқа қатысушылар 9 жас санатында өнер көрсетеді, соның ішінде ұлдар мен қыздар, ерлер мен әйелдер, 40-тан асқан ардагерлер де бар. Бұл дәстүрлі шара, бұрын «Бұрқасын» деп аталған. Бүгінде жаңа орын – веложолды игеріп жатырмыз. Қыста арнайы шаңғы жолы дайындалады. Жыл сайын тұрғындардың қызығушылығы артып келеді. Шаңғы жарысын одан әрі дамытуға болады, салауатты өмір салтын дәріптеп, қала тұрғындары мен қонақтарына лайықты демалыс ұсынамыз», – дейді Юрий Старостин.
«Қаңтарлық спринт» бағдарламасында қатысушылар жас санатына қарай түрлі қашықтықты бағындырады. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.