• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
22 Қаңтар, 2017

Чилиде төтенше жағдай жарияланды

389 рет
көрсетілді

Чили билігі соңғы онжылдықта болмаған ірі орман өрттеріне байланысты елдің орталық аудандарында төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды BBC. Орман өрттері шамамен бір апта бұрын басталып, аптап ыстықтан елдің басым бөлігіне тез тараған. Қазіргі уақытта өрт шалған аудандардың жалпы аумағы 63 мың гектарды құрайды, елдің бірнеше провинциясында 70-ке жуық орман өрті тіркелген. Соңғы деректерге қарағанда, төтенше жағдай салдарынан 200-ге жуық адам зардап шегіп, 40 шақты үй қираған. Чили президенті Мишель Бачелет елге сапармен келген Франция президенті Франсуа Олландтан және өзге де мемлекеттерден көмек сұрады.