Күй десе – қазағыма ол бір әлем,
Ажары әнімнің де домбырамен.
Күмбірі қоңыр үннің бойды баурап,
Қауышқан кеніш өнер, мол мұрамен.
Шанағы – сан ғасырдың жаңғырығы,
Әсем саз, ән-күйімнің мәңгілігі.
Шерткенде домбыраны сал жігіттің
Жүзіне жайнап шығар жанның гүлі.
Қорғанбек АМАНЖОЛ,
«Егемен Қазақстан»
Жоба авторы Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»