Тараз қаласында полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен 43 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жеке тінту кезінде күдіктіден ерекше иісі бар ақ түсті ұнтақ зат салынған зип-пакеттер табылып, тәркіленді. Кейін оның тұрғылықты мекенжайында жүргізілген тінту барысында жатын бөлмесінен де осындай орамалар, электронды таразы және есірткіні өлшеп, буып-түюге арналған құралдар анықталды.
Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті әлеуметтік желілер арқылы жұмыс туралы хабарландыруға тап болып, кейін есірткі таратуға байланысты заңсыз әрекетке келіскен. Ол жасырын орындардан есірткі заттарын алып, оны бөліктерге бөліп, Алматы және Тараз қалалары аумағында арнайы орындарға қалдырып отырған.
Қарағандыда есірткіге қарсы ауқымды акция өтті: 2 мыңнан астам граффити жойылды
Жалпы тінту барысында одан 122 грамм «Альфа-PVP» синтетикалық есірткісі тәркіленді.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жетісу облысында есірткі дайындаумен айналысқан 2 шетелдік азамат ұсталды
Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және іске қатысы болуы мүмкін өзге тұлғаларды табуға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.