• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 18:56

Республикалық автожолдарда жол-көлік оқиғалары 20%-ға азайды

Жол бойындағы бейнекамералардың арқасында республикалық автожолдардағы апаттың саны азайған, деп хабарлайды Egemen.kz

Ресми дерекке бойынша жол-көлік оқиғалары 20%-ға қысқарған. Қазіргі таңда 8 ақылы учаскеде орналасқан бейнекамералар орташа жылдамдықты тіркейді. Олар құқық бұзушылық фактілерін тиісті мемлекеттік органдарға жолдайды. Жыл соңына дейін қосымша 16 ақылы учаскеде жылдамдықты бақылайтын жүйені орнату жоспарланып отыр. Биыл елдегі 8 900 шақырым республикалық автожолдарда түрлі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Оның 3 400 шақырымы жаңартылса, 324 шақырымы күрделі, қалған 5 200 шақырымы орташа жөндеуден өтеді. Жоспарланған жұмыстарды орындауға 12 мың бірлік арнайы техника, 25 мыңнан астам маман және 193 асфальтбетон зауыты жұмылдырылады.

  - Биылғы жұмыстар басталды. Оның ішінде 3400 шақырым қайта жаңғырту және 5200 шақырымы орташа жөндеу жұмыстары жасалады деп отырмыз, - дейді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ресми өкілі Сәкен Ділдахмет.

Соңғы жаңалықтар