• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
23 Қаңтар, 2017

Ауыз су хлорсыз тазартылады

352 рет
көрсетілді

Өркениетті елдерде бірінші кезекте адам денсаулығына, өмір сүру сапасына ерекше мән беріледі. Озық инновациялық жобаларды өндіріске кеңінен енгізудің арқасында хлорланбаған тіршілік көзін пайдалану тәжірибесінің кеңінен қанат жаюы да сондықтан. Енді осы тектес технология еліміз бойынша алғаш рет М.Қозыбаев атын­дағы Солтүстік Қазақ­стан мемлекеттік универ­сите­тінде қолға алынғалы отыр.  Іргелі оқу орнында «Таза экологиялық су» инновациялық бағдарламасының тұсаукесер рәсімі өтіп, оған қатысқан экологтар, профессор-оқыту­шылық құрам, табиғат жанашырлары Ресейдің Том политехникалық универ­сите­тінің ғалымдары ұсынған бағдарламаның маңыз­ды­лығы мен тиімділігін атап өтті. Жергілікті жердегі жоба жетекшісі Ирина Голодованың айтуынша, оны жүзеге асыруға 150 миллион теңге бөлініп, тиісті құжаттар ресімдеуге жолданыпты. «Қызылжар су» ЖШС, Қазсушар респуб­лика­лық мемле­кеттік кәсіп­орны «Есіл су» филиалы секіл­ді іргелі кәсіпорындар су тазартқыш құралдарды пайда­лануға мүдде­лілік танытып отыр. Өңір тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ететін жалғыз тіршілік күретамыры – Есіл өзенінің барған сайын лайланып бара жатқаны, зиянды заттар көп тасталатыны белгілі. Әсіресе, түрлі иондар, ауыр метал­дар, қышқылдар аз кез­деспейді. Қар еріп, ылғал көп болған уақыттарда суды тазартатын коагулянттарды қолдану мөлшері күрт ұлғаяды. Мұның өзі адам денсаулығына кері әсерін тигізері сөзсіз. Ал, бұл процесс «Аэрозон» су тазарт­қыш кешені арқылы атқарылса, суды хлорламай-ақ зиянды зат­тар­дан жүз пайыз арылтуға болады. Судың сапасын жақсар­татын құрылғыларды жасаумен Киров атындағы зауыт айналысады. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан» Солтүстік Қазақстан облысы