• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
23 Қаңтар, 2017

Теңіз мұнайының 15% ішкі нарыққа бағытталуы мүмкін

387 рет
көрсетілді

Қазақстан Теңіз мұнайының 15% ішкі нарыққа бағытталуы мүмкін, деп хабарлады Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі. «Ішкі нарыққа мұнайды жеткізу Өнімді бөлісу туралы келісімде қарастырылған. Оған сәйкес, мемлекет ішкі тапшылық болған жағдайда, қажеттілікті қанағаттандыру үшін мердігерден мұнайдың 15% дейінгі көлемін алуға құқылы», – делінген хабарламада. Айта кетейік, қазіргі уақытта 27 миллион тонна жеңіл мұнай өндіріліп жатыр. Ал өткен жылы кен орнында үшінші буын зауытының құрылысы басталған. Оның құрылысы аяқталған соң, Теңіздегі мұнай өндірісі жылына 37 млн тоннаға жететін болады. Отандық мұнай өңдеу зауыттарында шикізатқа деген тапшылықтың болмауына байланысты, Теңіздің барлық мұнайы экспортқа жіберіледі.