• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
23 Қаңтар, 2017

Қытайда жаңа сүңгуір қайық құрастырылады

560 рет
көрсетілді

Аспанасты елінде бұрын-соңды болмаған суасты аппараты әзірленіп жатыр. Оның ерекшелігі жер бетіндегі кез келген теңіз бен мұхиттың түбіне жетуге қабілетті. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігі хабарлады. Бұл жобамен China Shipbuilding Industry Corporation (CSIC) компаниясының зерттеу институты айналысып жатыр. Бұған дейін олар Қытайдың алғашқы «Цзяолун» (Jiaolong) сүңгуір аппаратын құрастырып шығарған. «Цзяолун» 2012 жылы Тынық мұхитындағы Мариан ойпатының түбіне дейін жеткен. Мәліметтер бойынша 7 мың шақырымнан астам тереңдікке түсіпті. Жаңа жоба жайлы толық мәлімет әзірге белгісіз.