Футболдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Сергей Хижниченко беларусьтің «Шахтер» командасына ауысты. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
Соңғы рет ол Қостанайдың «Тобыл» командасында доп тепкен. Қазақстан премьер-лигасында «Астана», «Атырау», «Шахтер», сондай-ақ Польшаның «Корона» командасында ойнаған.
Қазақстанда екі мәрте чемпион атанып (2011, 2012), ел Кубогын және Суперкубогын жеңіп алған (2013). Сонымен қатар, ұлттық құрамада 42 матчқа қатысып, 8 голдың авторы атанған.