Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев әріптестеріне мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру, ғылыми ортамен байланыстарды нығайту, әлеуметтік-саяси процестер мен ұлтаралық қатынастарды зерттеу және болжау жөніндегі кеңесшісі Сағымбай Айгүл Кемалбекқызын таныстырды.
Айгүл Кемалбекқызы 1974 жылы туған. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Филолог, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша бітірген. Филология магистрі.
Еңбек жолын 1996 жылы аталған университеттің оқытушысы ретінде бастаған. 1998 жылдың ақпан айынан облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасында қызмет етті. 2004 жылдың ақпан айынан Қызылорда облысы бойынша ақпарат басқармасының ұйымдастыру жұмыстары және әлеуметтік технологиялар бөлімінің бас маманы. 2004 жылдың шілде айынан Қызылорда облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының бөлім бастығы. 2010 жылдың тамыз айынан облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімі талдау тобының бас инспекторы. 2010 жылдың қарашасынан Қазақстан Халқы Ассамблеясы облыстық хатшылығының бас инспекторы.