• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
23 Қаңтар, 2017

Ауа райы қолайсыздығынан ШҚО-да тас жолдар жабылды

396 рет
көрсетілді

Көру мүмкіншілігінің болмауынан және бұрқасыннан бүгін Семейде екі ауысымды мектептердегі барлық сабақтар тоқтатылды.  Сағат 14.00-ден бастап қазірге дейін «ОблШығысЖол» ҚМК көру мүмкіншілігінің болмауынан және бұрқасын салдарынан кейбір аудандарда тас жолдардың жабылғандығы туралы хабарлама жіберуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сағат 16-дағы деректерге сүйенсек, «ОблШығысЖол» ақпараты бойынша Новопокровка-Петропавловка-Зубаир-Байтанат облыстық деңгейдегі жалпы қолданыстағы тас жолдарда 0-41 шақырымдағы учаскесінде (Петропавловка 25-37 км Байтанат) бұрқасын мен көру мүмкіншілігінің болмауы салдарынан транспорттың барлық түрлері үшін жол жабық. Одан бөлек, Бородулиха - Жезкент облыстық деңгейдегі жалпы қолданыстағы тас жолында 0-49 шақырымдағы учаскесінде (Сосновка ауылынан 22-49 км Жезкент ауылына дейін) қатты бұрқасын мен көру мүмкіншілігінің болмауы салдарынан транспорттың барлық түрлері үшін жол жабылды. «Шар - Бакырчик» (0-42 км), Воскресеновка-Петропавловка-Шелехова-Бель-Агаш-Дмитриевка облыстық деңгейдегі жалпы қолданыстағы тас жолдарында 0-64 шақырымдағы учаскесінде (Воскресеновка 4 - 47 км Зенковка) қатты бұрқасын, боран мен көру мүмкіншілігінің болмауы салдарынан көліктің барлық түрлері үшін жол жабылды. «Қазгидромет» РМК бөлімшесінің ақпаратына сүйенсек, 24 қаңтар күні облыстың кейбір аумағында бұрқасын болады, желдің ұйытқуы 15-20 м/сек, кей жерлерде м/секундқа дейін жетеді деп күтілуде.