• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
01 Сәуір, 2011

Экономикалық форум – даму тетігі

571 рет
көрсетілді

Экономикалық даму және сауда ми­нистрлігінің жанындағы Эко­но­ми­калық зерттеулер инсти­тутының құрыл­ға­нына үсті­міз­дегі жылы 50 жыл толады. Еліміздің экономика саласындағы зерттеулерде өзінің лайықты орнын алған бұл институт соңғы жыл­дары тұ­рақ­ты түрде Астана экономикалық фо­румын өткізіп келеді. Үстіміздегі жылғы мамыр айында кезекті ІV Астана эконо­микалық форумы өтеді. Осыған байла­нысты біз «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамы президентінің міндетін атқарушы Жәмила БОПИЕВАНЫ әңгімеге тартқан едік. – Жәмила Қадырқызы, құ­рыл­ғанына жарты ғасыр то­лып отырған институттың ат­қа­ратын негізгі міндеттері мен ғылыми-зерттеу саласындағы ж­ұмысы ту­ралы қысқаша ай­тып өтсеңіз. – Құрылған күннен бастап институт қолданбалы зерттеулерді және бағдарламалардың ғылыми негіздемелерін, ұлттық эко­но­ми­ка­ның даму жоспарларын белгілейді. Қолданбалы ғылыми зерттеулер саласында институт құр­мет­ті орынға ие бола отырып, көп­­теген отандық және шет ел эко­номикалық институттарымен ты­ғыз қарым-қатынас құрып отыр. Экономика ғылымына институт қызметкерлерінің қосқан үлесі зор. Институттың ғылыми қызметі республика экономикасының бас­ты проблемаларын зерттеуге жә­не олар­ды шешу бойынша тәжі­ри­бе­лік ұсыныстарды әзірлеуге ба­ғыт­талған. Институттың басты мін­дет­те­ріне елдің экономикалық стра­те­гиясының жүзеге асырылу бары­сын ғылыми қамтамасыз ету, эконо­мика жағдайын талдау және оның болашақ дамуын болжамдау, тұ­рақ­­ты экономикалық өсу­ге жәр­дем­­де­су, халықтың өмір сүру сапа­сы мен деңгейін арт­ты­ру жатады. Институт ең маңызды мемлекеттік бағдар­ла­маларды жә­не заң жоба­ларын әзір­леу­ге, елдегі эконо­ми­ка­лық жағдай­ды баға­лауға белсене араласады. – Алдағы мамыр айында өте­тін ІV Астана эконо­ми­ка­лық фо­румының ұйымдастыру мәсе­ле­лері және күн тәртібінде қара­ла­тын тақырыптар тура­лы не айтасыз? – Институттың дамуындағы ма­ңызды оқиға ретінде жыл са­йын Астана экономикалық фору­мы­ның өткізілуін атап кетуге бо­лады. Форумды шет ел ғалым­дарының кең ауқымды қолдауы қазақстандық ғылымның әлемдік экономикалық ғылымға белсенді ықпалдасып, басты орындардың біріне ие екенін байқатады. Осы диалог алаңында қазіргі эко­номиканың басты мәселелері, экономикалық даму перс­пекти­ва­лары, мемлекеттердің экономи­ка­лық тұрақтылығын және қауіп­сіз­дігін қамтамасыз ету, ықпал­дас­тыру үдерістерін нығайту сияқты мәселелер талқыланады. «Жаңа онжылдық: талаптар жә­не перспективалар» атты кезек­ті IV Астана экономикалық форумы 3-4 мамырда Астана қаласында өтеді. Осы форумда басты назар келесі үш бағытқа аударылады: «Жаһан­дық экономика және қаржы», «Бизнес және инвестициялар» және «Қо­ғам мен тұрақты даму». Олар­дың әрқайсысы бойынша жаһандық экономиканың және қаржының өзек­ті мәселелері талқыланады, кездесулер ұйымдастырылады, келісім-шарттар мен меморандумдар жасалады, ел және халықаралық ұйымдар басшылары үшін ұсы­ныс­тарды әзірлеу және жәрдем көрсету мақсатында іскерлік және әлеу­мет­тік диалогтар өткізіледі. Форумның негізгі ұйым­дас­ты­ру­шылары Экономикалық даму және сауда министрлігі, Ға­лым­дардың еуразиялық экономи­ка­лық клубы, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ болып табылады. Осы форумның қатысуш­ы­лары­на Біріккен Ұлттар Ұйы­мы­ның, Азия және Тынық мұхиты өңірінің экономикалық және әлеу­меттік ко­миссиясы, Еу­ропадағы қауіп­сіздік және ынтымақтастық ұйымы, Дү­ниежүзілік туристік ұйым, Кеден одағының комиссиясы, Халық­ара­лық ынтымақтастық жөніндегі герман қауымдастығы (GIZ), АҚШ Ха­лықаралық даму агенттігі (USAID), Дүниежүзілік банк сияқты халық­аралық ұйымдар, сонымен қатар әлем­нің 49 елінің бизнес, эко­но­ми­ка және ғылым өкілдері жатады. – Еуразиялық кеңістіктегі ин­теграциялық үдерістерді да­мы­ту мақсатында форумның ық­палы қандай дәрежеде? – Интеграциялық үдерістердің жа­һандану жағдайындағы да­муын зерттеу Қазақстанның эко­но­мика­лық дамуы үшін маңызды болған­дық­тан, форумда респуб­ли­каның әлем­дік шаруашылық байланыс­тар­ға ықпалдасу үдері­сі­нің ерекшеліктерін зерттеу мәселесіне басты назар аударылады. Елдің қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді экономикалық мүд­де­ле­рін қорғаған кезде маңызды шарт­тар­ды анықтап алу қажет. Өзара пайда және қысым жасамау принциптерін сақтау үшін мүд­делер мәмілесі қажет болады. КО және БЭК бойынша серіктес­тер­дің мүд­де­леріне қызығу­шы­лық таныту рес­публиканың эко­но­микасы үшін экономикалық ын­ты­мақтастықтан пайданы бөлу мәселелерін тиімді шешуге жәрдемдеседі. Форум іс-шараларының біріне Қазақстанның индустриялық-ин­но­вациялық әлеуетін ұсыну, оның дағдарыстан кейінгі дамуы, со­нымен қатар экономиканың нақ­ты секторының дамуына жаңа серпін беру мәселелері жатады. Бизнес қауымдастықтар өкіл­дері еліміздің үдемелі индус­трия­лық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекет­тік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылған және жүзеге асырыла­тын жобалар туралы қызық­ты­ра­тын ақпаратты алып, сонымен қа­тар салтанатты қол қою рәсімінде ин­вестициялық келісімдерді жасай алады. Институттың құрылуымен байланысты елімізде экономиканы оңтайлы дамыту және өндірістік қуаттарды орналастыру бойынша міндеттерді шешу әдістері жетілдірілген, өңірлік саясат сияқты жаңа ғылымның негіздері қаланған. Қазақстандағы өңірлік эконо­ми­каның қалпына келу мәсе­ле­сі­не, сонымен қатар институттың өңірлік реформаларды ғылыммен қамтамасыз етуге қосқан үлесіне 4 мамырда өткізілетін «Өңірлік даму: орталық – өңірлер» атты сессиясы арналады. Әртүрлі уа­қыт­та институтта қызмет еткен елі­міздің жетекші ғалымдары осы сессияның жұмысына қа­ты­сады. Экономика саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты, «еуроның әкесі» Роберт Манделл жаңартыл­ған Бреттон-Вуд комитетімен бірге форум шеңберінде «Экономикалық және монетарлық биліктің жаңа конфигурациясы» атты ғылыми-тә­жірибелік конференция өткізеді. Кон­­ференцияның мақсатына валю­та-қаржы жүйесіне және оның өзгертілуіне арналған мәселелерді талқылау, сонымен қатар балама, өңірлік және әлемдік валюталар енгізу мәселелері жатады. – Форумда талқыланатын «Жаңа онжылдық: талаптар және перспективалар» тақы­ры­бына байланысты жастар мәселесі көтеріле ме? – Қазіргі заманғы көптеген жас­тар орта білім аттестатын алып, ор­та-арнайы кәсіби оқу орын­дарын­да оқудың перспективаларын ойлас­тыр­май, бірден жоо-ға бара­ды. Осы­лай­ша олар еңбек рыно­гында жо­ға­ры білімі бар аз талап етілетін ма­ман­дардың қатарын то­лық­тырады. Осы қалыптасып қал­ған үрдістен би­знес көп зардап шегеді. Ол өнер­кә­сіптік үлкен кәсі­п­орындарға да, штат саны бірнеше адамды құ­рай­тын шағын ком­па­нияларға да қа­тыс­ты. Қазіргі кезде бизнес өзіне қа­жет­ті біліктілігі жо­ғары кадрларды таң­дап алу мақ­сатында білім беру мекемелерімен ынтымақтастық жасауға қызығу­шы­лық танытып отыр, өйт­кені бұл жұмысқа қабылдағаннан кейін кадр­ларды қайта даярлау үшін оқуға қаражат бөлгеннен гөрі тиімдірек болып келеді. Сондықтан бизнес және жоо-лар арасында кө­пір салу мақ­сатында форум шеңберінде Білім және ғылым министрлігі және Гумилев атындағы ЕҰУ «Бә­секеге қа­бі­леттілік мәселе­лері» тақырыбына ар­нал­ған жастар кон­ференциясын өткізеді. Конференция жұмысы бары­сын­да жоо-ның бизнеспен өзара әрекет етудің инновациялық түр­лері, қазіргі жастардың ғылыми әлеуеті, қоғамның экономикалық да­муындағы жас­тар­дың орны, зият­керлік меншікті коммерциализациялау, бизнес-білімі сияқты басты мә­селелер талқы­ла­нады. – Осымен төртінші рет өт­кізіліп отырған экономикалық форумның ықпалы туралы ай­тып өтсеңіз? – Астана қала­сында өтетін эко­номикалық форум сер­пінді да­митын экономикалық ық­пал­­дасу жағ­да­йын­дағы мемлекет­ара­лық құ­рылым­дар­дың қалыптасқан жү­йесін тал­қы­лайды. Сонымен қатар оның оң нә­тижелерін тиімді пайдалануға және жағымсыз әлеуметтік-эко­но­ми­ка­лық салдар­лар­ға қарсы тұр­у­ға мүм­кіндік беретін шара­ларды әзірлеуге бағытталады. Біз барлық мүдделі сарапшылар мен үкіметтің, халықаралық ұйым­дардың, бизнес-қауымдастық­тар­дың, трансұлттық компаниялардың, ғылы­ми-зерттеу институттары мен жоо өкіл­дерін форумға қатысуға және жаһандық экономиканың та­лап­тары мен персективаларына қа­тысты нақ­ты шешімдерді әзірлеуге және өзекті мәселелерді талқылауға шақырамыз. – Әңгімеңізге рахмет. Әңгімелескен Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ.