• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
23 Қаңтар, 2017

Қазақстанда екі республикалық жол ақылы болады

238 рет
көрсетілді

Елімізде Алматы – Қапшағай және Астана – Теміртау жол учаскелері ақылы болмақшы. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» АҚ-ның 2016 жылды қорытындылау есебінде мәлім етті, деп хабарлайды abctv.kz. Кәсіпорнының мәліметтеріне сәйкес, 2017 жылдың екінші жартыжылдығында Алматы – Қапшағай және Астана – Теміртау  жол учаскелері ақылы жүйе енгізілмекші. Бұған дейін хабарланғандай, еліміз ақылы жолдардан 41 млрд теңге пайда таппақ. 2020 жылға қарай ақылы жолдардың ұзақтығы 6,98 мың шақырымға жетеді. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай дәлізінің тас жолдары, Астана – Атбасар, Алматы – Қапшағай, Павлодар – Ресей шекарасы (Омбы бағыты) жол учаскелері ақылы болады.